ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының директоры жарты жылдық жұмысының есебін жариялады

Серіктестік қызметкерлерінің жалақысы, зертханалық тексеріс шығындары, ғимарат жиһаздары мен кеңсе тауарлары, іс-сапар, т.б. қосымша шығындар жалпы түсімнен төленді.

Айта кетейік, халал стандарттау – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ашылды. 2016 жылдың 22 ақпанында отандық және шетелдік компаниялардың халал өнімдерін стандарттау және сертификаттаумен айналысатын «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып  құрылды.

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның негізгі мақсаты – еліміздегі халал өнімдер нарығын зерттеп, халықтың адал өнімге деген сенімін арттыру, тұтынушыларға «халал өнімдер» туралы үгіт-насихат жүргізу, сараптамадан өткен кәсіпорындардың халал стандартқа сай қызмет жасауын қадағалау.

«Халал Даму» ЖШС-на 3 жыл ішінде 300-ге жуық кәсіпорындар тексерістен өтуге өтінім білдірді. Бақылаудан өтуге өтініш білдірген кәсіпорындар Алматы қаласында орналасқан «TreeGene»  молекулалық-генетикалық зертханасы мен «КазНИВИ» Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты зертханасында лабороториялық сынақтан өтеді. «TreeGene» және «КазНИВИ» зертханалары соңғы үлгідегі заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.

Бүгінде сынақтан өтуге өтінім білдірген кәсіпорындардың 191-і «халал» сертификатына ие болды. Олардың қатарында құс фабрикалары, шұжық кәсіпорындары, емдік-профилактикалық өнімдер, ет фабрикалары, косметика және т.б. өндіріс орындары мен қоғамдық тамақтану (кафе, асхана, мейрамхана) орындары бар. Сертификат табысталғаннан кейін «Халал Даму» ЖШС-нің бақылаушы-инспекторлары ай сайын тексерістен өткен кәсіпорындарды бақылап отырады. Кәсіпорынның қызметі мен тағам өнімдерінің құрамы халал талаптарына сай болуы басты назарға алынады.

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-інде шариғат заңының білікті мамандары, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің ғалымдары, сарапшы-эксперттер, технологтар, сертификатталған кәсіпорындарды жүйелі түрде қадағалайтын бақылаушы-инспекторлар және арнайы білім алған өңірлік сарапшы-имамдар, арнайы емтихан тапсырып, сертификат, куәлік және жеке бас мөрін иеленген 213 қасапшы қызмет етеді.