Басты бет Жаңалықтар Париждегі терактіден кейін Қазақстан терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтті

Париждегі терактіден кейін Қазақстан терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтті

Елімізде терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары жандана түсті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында осыны мәлімдеді.

Сондай-ақ, елбасының бастамасымен өткізілетін «Терроризмге қарсы ислам» форумын ұйымдастыру жайына тоқталды. Лаңкестікпен күресетін дүниежүзілік желі құру бастамасының да қолдау тауып отырғанын айтты. Еске салайық, президент аталмыш бастамаларды қыркүйекте өткен БҰҰ-ның сессиясында ұсынған.

«Жиілеп кеткен лаңкестік актілер барлық елдердің қауіпсіздік шараларын нығайтуына түрткі болып жатқаны шындық. Біз де әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде бұған көз жұмып қарай алмаймыз. Біздің арнайы қызметтер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқандығын айта аламын. Жұртшылық оны аса сезіне қоймайды, ал шындығында бұл қызмет бір минут та тоқтаған емес. Бүгін лаңкестікке қарсы әрекеттер ісінде басқа елдердің қауіпсіздік органдарымен бірлескен жұмыстар жандандырылғанын атап өткім келеді», – деді президенттің баспасөз хатшысы  Дәурен Абаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version