Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда үш тілді оқыту жүйесі тоқтатылмайды

Қазақстанда үш тілді оқыту жүйесі тоқтатылмайды

Астана қаласындағы №75 мектеп гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысқан Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева еліміздегі мектеп оқушыларын үш тілду оқыту жүйесі жоспарлы түрде жүргізіліп жатқандығын айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.

«Үштілді оқыту мәселесі жоспарлы түрде жүріп жатыр. Бұл өзі 2019-2020-шы оқу жылының үлесі. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы, яғни, алдағы қыркүйек айынан бастап бірінші сыныпқа балаларымыз жаңартылған бағдарламамен келеді. Оның ішінде өздеріңіз білетіндей, тек 2013 жылы балаларымыз бірінші сыныпты ағылшын тілімен оқып бастаған. Қазір ол балалар үшінші сыныпты бітірді. Енді төртінші сыныпқа өтеді. Осылайша, барлығы да жоспарлы түрде ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде», — деді Жаңыл Жонтаева.

– Сонда үш тілде білім беру жүйесі тоқтатылған жоқ па?

– Ешқандай да тоқтатылған жоқ, жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылы басталған бағдарлама ол қазір жүріп жатыр, — деді Жаңыл Алпамысқызы.

Айта кетейік, жуырда ғана Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үш тілді оқыту мәселесінен кейін халықтың көңілі өзгеріпкеткендігіне қатысты айтқан пікірі БАҚ беттерінде қызу талқыланған болатын.

Одан кейін осы ойға қатысты министр Мұхамедиұлы арнайы түсініктеме беріп, өзінің көзқарасын мемлекет басшысының үш тілде білім беру мәселесіне қатысты айтқан сөзімен ұштастырған еді.

4 пікір

  1. Не icтерлерiн бiлмей бipiмен бipi ақылдаспай көптің алдына шығып ойларына келгенiн сайрайтын болды. Бала бастауыш сыныпта ана тiлiн толык игеру керек. Әйтпесе дубара болып қалады. Мұны неше жыл еңбегі бар тiл маман ұстаздары айтуда

  2. Бала тағдыры сіздерді неге ойландырмайды, ауызға келгенді айтып, ойға келгенді істеулеріңді қашан қоясың дар?

  3. Өзімнің басым істейді екен деп, басқаның миын ашытпау керек сенімен ол тең емес ,кәдімгі бес саусақ сиақты

  4. Қызылорда обылыстық білім бөлімін басқарып тұрғанда мұғалімдерді қағазбастылыққа таңып қойған осы , Жонтаева болатын.Содан әлі арылмай келеміз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version