Басты бет Жаңалықтар Асанәлі Әшімов: Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс

Асанәлі Әшімов: Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс

Қазіргі таңда қазақты толғандырған басты мәселе – жер дауына қатысты Халық әртісі Асанәлі Әшімов өз пікірін білдірді. Қазақ өнеріндегі айтулы тұлға «Қамшы» порталына берген сұхбатында жердің сатылуына түбегейлі қарсы екенін қадап айтты.

«Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс. Жер – Ана! Жерді сатуға болмайды. Сатты деген аты жаман. Бұл айтылмауға, мүлде қозғалмауға тиіс мәселе. Мен бұған қатты қарсымын. Қарсы пікірімді өткенде де айтқанмын жиналған топта. Ол жерде бір де бір кісі қолдаған жоқ. Жалға беру мәселесіне де қарсымын. Жердің гүлденгені, құлпырғаны, тозып кетпегені жақсы әрине. Әуелі өзімізді жарытып алуға тиіспіз. Мыңдаған гектар жерді басып алып, өңдемей жатқан дөкейлерден алып өңдейтін қарапайым шаруаларға берсе, қазақ жалқау емес қой. Менің сөзімді бұрмалап таратып жүргендер бар екен. Әдейі, аты бар адамдарды халыққа қарсы қойып, сөзін бұра таратып жүргендер нағыз жауыздар. Халыққа жаман атты көрсетіп қойған соң, қайда барсам сүйдепсіз ғой деп маған айтады. Қайсыбіріне ақталып жауап берем», — дейді халық әртісі.

Асанәлі Әшімов мемлекет тағдырының шешуші күші халық екенін айта келе, билік әрқашан да халықпен есептесуі керек деп санайды.

«Қара халық деген, ол – ұлы. Елдің бар-жоғын, шынын айтып тұратын халық. Мемлекеттің басына қатер төнсе оны сезінетін де, бұлқынып, көтерілетін де халық. Мемлекеттің тағдырының шешуші күші халық болып есептелуі керек. Билік сондықтан да халықпен есептесуі керек. Дағдарыс қара халыққа қашан да әсер етеді, миллиардерлерге де келуі мүмкін, олар кедейленіп, миллионер болуы мүмкін. Оны сезінетін бәрібір қаймана халық», — деді ол.

35 пікір

    • оте дурыс жерди жалга бергенше кангып журген казак бауырларымызга берсин уйсиз журген таратсын тегин жаксы болып жатканнын бары осы халыктын колдап отырганынын аркасы аркашан дауыс берип

  1. Я тоже присоединяюсь к сказанным словам, наша земля это святое! Родина,мать и все святое у человека!!!!!!!!!

  2. 10 соттык жери жок жастар жур жер ала алмай акшасы жок алуга,оданда жас отбасыларына берсин,вримянка болсада салып алып отбасымен турады,канша жастар жур е жери е уй жок

  3. Рахмет Асанәли аға.. халык бәрін өзі шешуі керек ,себебі жер, өл Ата бабаларымыздын жері..

  4. Менин оз ойымша сатпак тугили,жалга беругеде болмайды,ертенги кунимиз не болатыны бир Аллага аян

  5. Осындай ауызды Ақ Сақалды, Зиялы ағаларымыз болса сөзін батырып-өткізе алатын, ЖЕРДІ сатқан дегені Елін сатқаны ал жалға деген сөз тіпті айтылмау керек ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІ тың далам АТА-БАБАдан келе жатқан. Қарапайым ауылда тұратын малын өріске шығарат жазда қысқа шөбін дайындайт, сол шөпті қайдан шабады өзіміздің ЖЕР АНАмыз кең байтақ жеріміз. Сондықтанда Сатылу, Жалға деген енді қайталанбаса деймін. Мемлекет жері ол әлбетте Мемлекеттің меншігі солай болу керек ЗАҢ жүзінде және солай болып қалу керек.

    • Дурыс айтасыз оздери бар жерлерди басып алып.Кара халыкты ойлап жаткан бир басшы жок.Халыктын камын ойламай керисинше халыкты тонап жеп жатыр.

    • Оте дурыс,Жер -Ана,сатугада,жалга беруге де болмайды.Жерди сатканы- елди сатканы.Жер- Ана ,кандай магыналы соз.Анамызды сатпаймыз,сол сиякты.Жерди сату,жалга беру деген естир кулакка да уят екен.Осы Атамекенимиз ушин ата- бабамыз жанын киды, келер урпак ягни биз ушин.Казир квартира жалдап кунин корип журген халык,жерди сатса болашакта кайыр сурап кетпесине ким кепил.

  6. Халқын сүиген қазыналы қарттарымыз аман болсын.Жер шетелдікке сатылды деген сөз отан сатылды деген сөзбен бірдей.жер мемелекетпен қалықтың қазынасы.

  7. Дурыс айтылган жер халыктики жерди анага тенедик жерди сатса анасын сатканмен тен

  8. Агамыз сиякты менде жеримизден бар улт дастурлеримизден айырылып каламыз деп коркамын

  9. Жал5а берген Байконырды неге кормейди . Жерди сатуга да жалга беруге де болмайды.

  10. алматыда аллага шукир курлыс журип тур биракта курлышы кангып бреудин босагасында квартирда 20жыл бойы жургендер коп тегин болса кайдааа

  11. Дурыс аитылган соз,жер ананы озге келімсектерге беріп не опа таппақ,билік басындагылардың ,бари иттер

    • Жер сатугатда жалга беруге де болмайды

  12. Осы жер маселесi уайым болды.Анамын,балаларымды уайымдаймын.Болашак солардiкi.Билiктегiлерге Асаналi агамыз сиякты созi отiмдi казак аксакалдары халыктын мунын,созiн,уайымын жеткiзсе екен.

  13. өлі риза болмай тірі байымас — деген,ата-бабамыздың қан төгіп алып берген жерін қорғап мәпелейік бауырлар

    • Асанали ага ракмет сизге! Жер-Халыктики! Жер ата-бабадан калган мура!

  14. Асаналі ағаның пікіріне 100 пайыз қосыламын! Жеріміз сатылмасын, жалға да берілмесін!!!

  15. осы үшінде көтеріліс болайын деді 21 мамырда, бірақ болмады үйткені болғызбады. тіпті тв-данда аса еш нәрсе айтылмады. халықтың көбісі тыныштықты сақтады. үйткені ертеңгі күнін ойлады. қазіргі заманда көбісі өз қамын ойлайдығой . жердің сатылуына қарсылық білдіріп көтеріліске шығуға батылдары жетпейді. Асанәлі Әшімовты қолдаймын бірақ амал қанша бәрі-бір жер сатылады, жалға беріледі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version