Басты бет Жаңалықтар Алматыда еркін пирамидадан Қазақстан чемпионатының финалы өтеді

Алматыда еркін пирамидадан Қазақстан чемпионатының финалы өтеді

1 маусым күні еркін приамидадан Қазақстан чемпионатының финалы өтеді. Турнирге еліміздің барлық облысынан мықты спортшылар қатысып жатыр.

Көрнекі сурет

Титул үшін Қазақстанның «алтын құрамасының» екі ойыншысы, әлем чемпиондары — Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров күш сынасады.

Қазақстанда барлығы бес әлем чемпионы бар. Олардың ішінде Қаныбек Сағындықов төрт дүркін, ал Әлихан Қаранеев үш дүркін чемпион болған. Бұдан тыс, турнирге 2016 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Арби Муциев, динамикалық пирамидадан былтыр сәуірде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Максим Пан да қатысты.

Чемпионат Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында өтіп жатыр. Финал 12:00-де басталады, кіру тегін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version