Басты бет Жаңалықтар Данияр Елеусінов алдағы кездесуіне АҚШ жерінде жаттығуын аяқтады

Данияр Елеусінов алдағы кездесуіне АҚШ жерінде жаттығуын аяқтады

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Еуеусінов алдағы кездесуіне АҚШ жерінде жаттығуын аяқтап, жекпе-жекті өткізу үшін Ұлыбританияның астанасы Лондонға келеді.

©inform.kz

Бұл туралы танымал америкалық сарапшы Берни Бармасель өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Қазақстандық Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1КО) Флоридадағы жаттығу жұмыстарын аяқтап, ертең Лондонға жол жүреді», – деп жазды Берни Бармасель.

Алдағы кездесуге отандасымыз 54 жастағы америкалық маман Джон Дэвид Джексонның қол астында дайындалды.

Еске сала кетсек, Елеусіновтің келесі кездесуі 6 маусым күні Лондондағы York Hall спорт кешенінде өтеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 7 маусымға қараған түні Астана уақытымен 01:55 те басталады. Қазақстандық боксшының қарсыласы анықталған жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version