Басты бет Жаңалықтар Сәуір айында қазақстандықтар шетел валютасын 146,1 млрд теңгеге сатып алды

Сәуір айында қазақстандықтар шетел валютасын 146,1 млрд теңгеге сатып алды

2018 жылдың сәуір айында ел тұрғындары шетел валютасын 146,1 млрд теңгеге сатып алды.

Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, негізгі көлем – 52,9% немесе 77,3 млрд теңге ресейлік рубльге жұмсалды. Долларға – 30,5% немесе 44,6 млрд теңге кетті. Ал еуро – ең аз сатып алынған валюта. Бар болғаны 15,8% немесе 23,1 млрд теңгеге алынды.

Өткен аймен салыстырғанда, осы шығындар 0,4% ұлғайды. Еуро мен ресейлік рубльді сатып алу 24,6% және 13,5% өсті, ал доллар сатып алуға, керісінше, 23,4% төмендеді.

2018 жылдың сәуірдегі валюта нарығында доллар курсы 319,24-330,88 теңге болды. Ал сәуір айының соңында 1 доллар 327,25 теңгені құрады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version