Басты бет Жаңалықтар Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қалалық активте Талдықорған қаласының әкімі етіп Шалтабаев Дастан Тұрарбекұлын тағайындады. Ал осы уақытқа дейін аталған лауазымда отырған Бағдат Қарасаевты денсаулығына байланысты басқа қызметке ауыстыратынын жеткізді.

Өз кезегінде Бағдат Қарасаев облыс әкімі Амандық Ғаббасұлына алғыс айтып, өзіне осы уақытқа дейін жүктелген жауапкершілік үшін рахмет айтты. Ал жаңадан тағайындалған Дастан Тұрарбекұлы өзіне жүктелген міндеттерді артығымен орындайтынын жеткізді.

1973 жылы туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы – инженер-құрылысшы, құқық бакалавры. Еңбек жолын Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы Жетісу аудандық бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы Жетісу аудандық бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, Алматы облыстық білім басқармасының бастауыш және орта кәсіптік білім, құрылыс және жөндеу бөлімінің бас маманы, облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Алматы облыстық департаментінің бас маманы, Жамбыл және Қарасай аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық құрылыс басқармасының бастығы, облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды. 2017 жылдың қаңтар айынан — Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version