Басты бет Жаңалықтар 24 мамыр: Еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

24 мамыр: Еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні атмосфералық фронталды ағындардың өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» синоптиктері.

Фото: Reuters.com

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында шаңды дауыл көтеріліп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, күндіз кейбір аудандарда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Атырау облысында күн қатты ысиды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version