Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

©Матрица.kz

Кездесуде министрлік тарапынан атқарылған ұйымдастырушылық іс-шаралардың нәтижелері және V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Бейбіт Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, «KADEX-2018» халықаралық көрмесіне 48 елдің ресми делегациясы келеді. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныстыратын болады.

Сонымен қатар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Елбасыға қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version