Жаңа бағдарлама арқылы латын әліпбиінде қатесіз жазуға мүмкіндік бар

Кеше, 15 мамырда аталған бағдарлама мен Resmihat.kz онлайн-порталының тұсаукесері өтті. Қос бағдарлама да қазақ тілін үйреніп, латын қарпінде оңай жазуды қамтамасыз етуді мақсат еткен. Қазірдің өзінде ешбір жарнамасыз демо-нұсқасын бес мыңға жуық қолданушы жүктеп алыпты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген қос цифрлық жоба алдағы уақытта жалғасын табады, — дейді жасақтаушылар.

«Біз бұл клавиатураны жасаған мақсатымыз — арнайы жүктеп алсаңыз, ішінде кириллица да бар, қазақша-орысша, ағылшынша да бар, латынша бар. Жастар қолдансын деп жасадық және ішіндегі әріптерді орналастырғанда да біз саралап-сараптап адамға қалай ыңғайлы, солай етіп жасадық», — дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Дереккөзtengrinews.kz