Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында ескерту жариялады.

Фото Интернеттен алынды

Синоптиктердің хабарлауынша, 10-11 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында 10-11 мамырда солтүстік-шығыс желі (15-20 м/с) күшейеді, кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Бұршақ түсуі ықтимал. Бұдан бұрын хабарланғандай, бейсенбі, 10 мамырда республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс және орталықта ауын-шашын болмайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version