Басты бет Жаңалықтар 10 мамыр: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

10 мамыр: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжауынша 10 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және ортада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан блыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.

Қызылорда, күндіз Ақтобе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының жекелеген ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version