Басты бет Тест Тест: Қазақ батырларын қаншалықты танисыз?

Тест: Қазақ батырларын қаншалықты танисыз?

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ал сіз туған жерін қорғаған қазақ батырларын қаншалықты танисыз? Тест арқылы тексеріп көріңіз.

©zhetysu-gazeti.kz

Ұлы Отан соғысы кезінде Талғат Бигельдинов мінген ұшақты қалай атаған?

Дұрыс! Қате!

Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.

Қазақстандықтар қай соғысқа қатыспаған?

Дұрыс! Қате!

Жүзжылдық соғыс Англия мен Францияның арасында болған. Қазақстан бұл соғысқа қатыспаған.

"Қанатты қыз" атанған қазақтың батыр қызы?

Дұрыс! Қате!

300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысы кезіндегі теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған.

"Халық Қаһарманы" атағына ие болған адамды көрсетіңіз.

Дұрыс! Қате!

Қайрат Рысқұлбеков - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Ол Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Қай батыр Ұлы Отан соғысына қатыспаған?

Дұрыс! Қате!

Амангелді Иманов ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі батыр. Ол азамат соғысы жылдарында Ә.Жангелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырған.

Қазақстанның Жоғарғы Бас қолбасшысы кім?

Дұрыс! Қате!

Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алған.

"Тәртіпке бағынған құл болмайды"-Қанатты сөздің авторын табыңыз.

Дұрыс! Қате!

Қайсысы қазақ батырына жатпайды?

Дұрыс! Қате!

Манас батыр туралы жыр қырғыздарға тиесілі.

Қай батырдың есімі эпостық жырларда кездеспейді?

Дұрыс! Қате!

"Қамбар батыр", "Алпамыс батыр" және "Ер Тарғын" эпостық жырлары қазақ ауыз әдебиетінде бар.

Қай қанатты сөз Бауыржан Момышұлыныкі емес?

Дұрыс! Қате!

"Тәуелсiздiктiң тар жол, тайғақ кешуiнен, беттен қағар желiнiң есуiнен тайсалмауға тиiспiз". Бұл қанатты сөздің авторы - Нұрсұлтан Назарбаев.

Тест: Батырларды танисыз ба?
Жарайсыз! Қазақ батырларын жатқа білетін өзіңіз де батыр екенсіз!

Жаман емес!

Нашар. Тағы бір қайталап көріңіз.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version