Басты бетЖаңалықтарРесей протон...

Ресей протон қалдықтарын тастау үшін Ақтөбе облысынан жер сұрап отыр

Ресей Байқоңырдан ұшырылған зымырантасығыш қалдықтары құлайтын аумақты Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстан облысы жерінен беруді қолқалап жүр. Мәжіліс депутаттары енді ғана жұмысқа алған құжатты қарауға барлық мамандар тартылады деп отыр.

«Ішінде Ақтөбе облысы болу керек. Жақсылап тұрып қараймыз. Ресейдің ұсынысын қарайық, бізге беріп жатқан қаржы көлемін, біздің экологияға әсерін қарайық», — деді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.

Ғарышқа ұшарда «Протон» зымырантасығышына 500 тонна гептил отыны толтырылады. Оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.

Гептил — мутагендік әсері бар улы зат. Қазақстанда 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы Қарағанды облысында. Ақтоғай ауданы жерінің 37%-ы, Шет ауданының 93%-ы, Жаңаарқаның 37%-ы, Ұлытау жерінің 74%-ы  гептилмен ластанған.

Былтыр киіктердің жаппай қырылуына да осы улы отын әсер етті деген болжам болған.