17 сәуірге арналған ауа райының болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл көтеріліп, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Кей жерінде тұман, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

©Egemen.kz

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының бірқатар аудандарында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с, кей жерінде тұман болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version