Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда жер сатыла ма, сатылса кімге сатылады?

Қазақстанда жер сатыла ма, сатылса кімге сатылады?

Қазақстан Жер кодексіне былтыр күзде енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылғы шілде айынан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ел азаматтарына аукцион арқылы жеке меншікке сату, сонымен бірге шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға ондай жерді 25 жылға дейін жалға беру басталмақ. Бұл жаңа өзгеріс Қазақстан қоғамында қызу пікірталас тудырған.

1Не болды?

voxpopuli.kz

Атырау қаласында шетелдіктерге жер сатуға қарсы рұқсат етілмеген бейбіт митинг өтті. Митинг өткізуге себеп — президент Назарбаевтың 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жер телімдерін аукционнан сатуға рұқсат беретін жаңа Жер кодексіне қол қоюы.

2Түзетулер қашан қабылданған?

voxpopuli.kz

Жер кодексіне түзетулер 2015 жылғы 2 қарашада қабылданған. Оларға сәйкес, ауылшаруылығына арналған жерлерді жеке меншікке саудалау арқылы сатуға болады. Жер телімдерін жалға алып пайдаланып отырғандарға оларды сатып алуға деген жеңілдікті шарттар ұсынылады. Ауылшаруашылығына арналған жерлер шектеусіз қолданыла береді, жер телімдерінің қандай мақсатта пайдаланылуы тиіс екенін өзгертуіге тиым салынған.

3Жер қалай сатылады?

voxpopuli.kz
Жер телімі аукционға құнын көтеру әдісімен екі рет шығарылады. Сол аралықта сатып алушы табылмаса, бағасы 50% төмендетіледі. Сонда да алушы табылмаса, жер телімі аукционнан алып тасталады. Аукциондар мәміле шарттары айқын болуы үшін жасалады. Аукционға кез келген қазақстандық қатысуына болады.

4Сонда, мемлекет жер сатып бюджет толтырмақ па?

voxpopuli.kz

Шын мәнінде олай емес. Заң бойынша, жер сатудан түскен қаражаттың бәрі бюджетке емес, Ұлттық қорға салынады.

549 жыл мерзімге жалға беріліп қойған жер телімдерін қайтеді?

voxpopuli.kz
Ол жер телімдерін ешкім тартып алмайды. Жерді 49 жылға жалға беру нормасы 2003 жылы, Жер кодексі қабылданған кезде енгізілген. 2016 жылғы 1 шілдеден кейін де оларға ешкім тиіспейді. Оның үстіне, жалға алып отырғандар сол жерлерді басым ретпен сатып алуға  мүмкіндігі болады. Ол үшін жергілікті әкімдікке өтініш жазу керек. Онда тікелей сату шарты жасалады, яғни жерді жалға алып пайдаланып отырған адам аукционға қатыспай-ақ оның иесі болады. Одан бөлек, ондай сату кезінде жер телімінің бағасы 50% арзандатылады және он жыл мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Төлем кестесін жер пайдаланушы өз ыңғайына қарай өзі құрады. Бұл норма Жер кодексінде мемлекеттік меншіктен жеке меншікке берілуі мүмкін делінген жерлерге ғана қатысты.

6Шетелдіктер ше? Оларға жер сатыла ма?

Шетелдіктер жер ала алмайды. 2003 жылдан бері ауылшаруашылығына арналған жерлер шетелдік компанияларға 15 жылға жалға беріліп келеді. Алайда, 2015 жылдан бері бұл мерзім 25 жылға дейін ұзартылды. Бұл ауыл шаруышылығы бизнесі көп қаржы салуды талап ететінімен және өзін-өзі ақтауына ұзақ мерзім қажет екендігімен байланысты. Мамандардың есебінше, мұндай жобалардың өзін-өзі ақтауына 13-15 жыл қажет. Сондықтан да, инвестор салған қаржысын өндіріп, алдағы 10 жылда табыс табуы үшін жалға беру мерзімі ұзартылды.

7Құрамында шетелдіктер бар компаниялар жер сатып алғысы келсе ше?

2016 жылғы 1 шілдеден бастап ортақ кәсіпорындар аукциондарға қатыса алады, тек олардағы қазақстандық құрамдас бөлік 50% аз болмауы тиіс. Ондай фирмалардың әрқайсысы ұсынған ақпараттың шынайылығы тексеріліп отырады. Жер сату жөніндегі аукционға шетелдіктер қатыса алмайды.

8Қазақстан резиденті жер сатып алып, оны шетел резидентіне қайта сатуына бола ма?

Қазақстан азаматы жер сатып алып, оны шетелдікке қайта сатпақ болса, онысынан түк шықпайды. Алда-жалда сата қалса, ондай шарттың күші болмайды. Заңға сәйкес, нотариустар ондай келісім шарттарды тіркеуге құқығы жоқ.

9Жердің бір гектары қанша тұрады?

Жер бірнеше түрге бөлінеді: суармалы, шабындық, жайылым, егістік және тағы басқа. Сәйкесінше, жер бағасы да әр түрлі болады. Тіпті бір аумақтың өзіндегі жер бағасы әр алуан. Мысалы, Ақмола облысында егістік жердің бір гектары 11 900-49 000 теңге, ал Алматы облысында  – 40 000-130 000 теңге тұрады. Жайылымдық жерлер арзанырақ  – 1800-9000 тенге. Бәрі топырақтың сапасы мен жағдайына байланысты. Әр аудан, әр облыста ол әр түрлі бағаланады.

10Жердің мақсатына сай пайдаланылуына қатысты жағдай қандай?

Қабылданған түзетулерде бір маңызды өзгеріс бар. Егер сіз ауылшаруашылығына арналған жер сатып алып, онда алдымен мал бағып, кейіннен картоп өсірем деп шешсеңіз, билік өкілдерінен рұқсат алудың қажеті жоқ. 1 шілдеден бастап жердің қандай мақсатта пайдаланылуына қатысты рұқсат алу процедурасы алып тасталды. Сонымен қатар, шаруалар өз меншігіндегі жерлерді кез келген қазақстандыққа жалға беруге құқылы. Ол үшін жергілікті әкімдікке өтініш жазу керек.

11Қазақстанда қанша жер жалға берілген және қанша жерді сатуға болады?

Ұлтық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ұсынылатын жердің жалпы ауданы 100,8 млн га құрайды. Сөйте тұра, ол жердің 1,3% (1,3 млн га) ғана жеке меншікте екен. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап министрлік  1,7 млн га жерді аукционға шығармақ.

5 пікір

  1. Жер телиминин сату деп жатыр. ал жеке уй салуға жер бериле ме. 2002 жылдан бери тизимде турмыз бизге ешким уй салуға жер берип жатқан жоқ .

  2. 2008 жылдан бері жер алу кезегінде тұрмыз. Міне бақандай 8 жыл болды. Үй салуға байланысты жерді беру туралы неге ойланбайды? Қазақтың жері халықтың меншігінде болса да үй салуға жеріміз жоқ.

  3. Министр заң өзгермейді, жалға бәрібір береміз, өзім түсіндіремін халыққа деді ғой. Түсіндіріп көрсін, Мен түсінбейтін сияқтымын.

  4. Баларымыз аллаға шукир өсип жатыр əлиге дейин баспана жоқ сонда астанаға 2006 жылдан бастап жер кезегиндемин адамды бекерге умиттендирип кезекке несин қойған қалыққа 10 сотик жерден улестирип берсе болмайма əрийне бир жақсы баспанамыз болса балаларымыз өсип өнсе биздиң момын қазағымызда не арман деши

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version