Басты бет Жаңалықтар 3 жылдық бюджет доллар бағамы 300 теңге деген есеппен жасалды

3 жылдық бюджет доллар бағамы 300 теңге деген есеппен жасалды

Қазақстан үкіметі 2016-2018 жылдарға арналған бюджетті доллар курсы 300 теңге деген деңгеймен белгіледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады. 

«2016-2018 жылдардың бюджетін доллар бағамы 300 теңге деген деңгеймен жасадық»,-деді Е.Досаев журналистерге «Нұр Отан» фракциясының отырысы кезінде. Осы жылы ЖІӨ 1,5 пайыз деңгейінде, 2016 жылы 2,1 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді деп белгіленді.

Министрдің сөзінше, апта ортасында Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырыс өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version