10 сәуірге арналған ауа райының болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Goroskope.net

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Қызылорда, түнде Алматы облысының бірқатар аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей бөліктерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, таң ата және күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамықпен ұйтқиды.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 1 радус үсік жүреді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version