Басты бетЖаңалықтарДемалыс күндері...

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанның солтүстік аудандарында кезекті циклон орналасып, еліміздің барлық облысындағы ауа райына әсер ететін болады.

Алдағы үш тәулікте арктикалық суық фронтпен байланысты солтүстік облыстарда ылғалды қар, түнде тұман және көктайғақ болуы ықтимал.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жаңбыр, кей жерде қатты найзағай, екпінді жел болжанады. Ауа температурасының ауытқуы күтіледі: жауын-шашынмен тез төмендеп, күн ашылғанда шапшаң жоғарылай бастайды.