Атыраудағы орталық алаңға жұрт түскі сағат 12 кезінде жинала бастады. Олар Қазақстан жерін «шетелдіктерге жалға беруге және сатуға» қарсылығын білдіруге келгендерін айтады.
Осы жерге келген қала әкімі Нұрлан Ожаев пен облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевқа жиналғандар өз талаптарын жеткізді. Әкім Ожаев «рұқсат етілмеген митинг өткізу — заңсыз» болатынын айтқанымен, жұртшылық билікке талаптарын айту үшін жиналғандарын айтып, тараудан бас тартты.
Шенеуніктер жұртқа «Қазақстанның жері мен егемендігіне ешкім қол сұға алмайтынын» түсіндіруге тырысты. Жиналғандар оларға Қазақстан жерін шетел азаматына 25 жылға жалға беру «ел мен жер болашағына қатер» деп санайтындарын айтты. Бұдан соң билік өкілдері алаңнан кетіп қалды. Алаңда митинг жалғасып, көпшілік алдына шығып сөйлегендер «жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де» қарсы екендерін мәлімдеді.
Қоғамдық белсенділер жиналған жұртты «арандатудан сақ болып, тәртіп бұзбауға» шақырды. Исатай мен Махамбет алаңы маңына бүгін таңертеңнен жиналған полиция митингті сырттай бақылап тұрды.
Арада тағы біраз уақыт өткенде наразылық акциясы өтіп жатқан алаңға Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Жиналғандардың «Жер-Ананы сатуға және жалға беруге болмайды» деген сөздерін ол да естіді.
Бұған дейін жергілікті белсенділер Атырауда 24 сәуірде митинг өткізу туралы қала әкімдігіне өтініш бергенімен, билік рұқсат етпеген. Атырауда «жерді жеке меншікке сатуға» қарсы акцияға шықпақ болған кейбір азаматтық белсенділер жексенбі күні тергеуші сұрағына жауап беруге шақырылғандары туралы қағаз алған.
Бүгін алаңдағы жиында жұртшылық тарапынан облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа «полиция мен прокуратура белсенділерді қудаламасын» деген талап айтылды. Әкім белсенділерді ешкім қудалап, жазаламайды деп сендіруге тырысты. Облыс басшысы алаңдағы жұрттан талаптарын қағазға түсіріп, өзіне жазбаша түрде беруді сұрап, оны Ақордаға жеткізетінін айтты.
Қазақстан Жер кодексіне былтыр күзде енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылғы шілде айынан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ел азаматтарына аукцион арқылы жеке меншікке сату, сонымен бірге шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға ондай жерді 25 жылға дейін жалға беру басталмақ. Бұл жаңа өзгеріс Қазақстан қоғамында қызу пікірталас тудырған.
Жер анаң сатылып, жалға беріліп жатқанда қандай заң іздейсің және кімнен! Сол анаңды сатып жатқан сол заңды шығарып отырған иттер емес пе! Осыған да заң керек пе? Құрту керек оларды заңымен қосып.
Негізі кодексте шет елдіктер мен азаматтығы жоқтарға жер жеке меншікке сатылмайды деп көрсетілген. Алайда заңның бұл жерін айналып өту қиын емес,мысалы мына екеуі : 1/ жерді заңды тұлғалар да сатып ала алады меншікке, ал заңды тұлға Қазақстанда тіркелінген болса оған сатпауға болмайды. Ал заңды тұлғаның құрылтайшылары ішінде шет ел азаматтары барлары жетерлік, (әсіресе қазір қытайлықтар көп заңды тұлғалар тіркеуде),өйткені құрылтайшыларға шектеу жоқ, арасында бір Қазақстан азаматын немесе Қазақстанның заңды тұлғасын қоса салса болады. Бұл жағдайда заңды тұлға ретінде сатып алынға жер ,негізінде құрылтайшы жеке, оның ішінде шет ел азаматтардың меншігінде болады нақты. Сонымен қатар, заңды тұлғаны кез келген уақытта басқа біреулерге сатуға болады (былай қарағанды жер емес, заңды тұлға немесе бизнес сатылып жатқандай көрінеді), бірақ жер бірге кете барады. 2/ шет ел азаматтары Қазақстан азаматтығын алды делік, бұған әрі кетсе бір жыл кетеді. Содан кейін Қазақстан азаматы ретінде жерді жеке меншікке сатып алады. Содан кейін сол жерге жұмысқа шет елден заңға сәйкес мигранттарды әкеледі.Келген миграннтар жергілікті азаматтар (шалар) -мен заңды некеге тұрып Қазақстанда тұрақтап қалады және азаматтығын алып олар да жер сатып алуға құқылы болады. Бұл жағдайлар заңда еш көрсетілмеген және бұл жолдарға заңды түрде тосқауыл жоқ. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, пайдалы қазбалар орналасқан жерлер мен сулар ешкімге де жеке меншікке сатіға жатпайды деп заңда ғана емес Конституцияда бекіту қажет. Ал елді-мекендегі жерлер үй құрылысына немесе коммерциялы объекті салуға тек Қазақстан азаматтарына ғана сатылуға рұқсат деп шегелеу қажет. Қазіргі таңда жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінен түсіп жатқан төлемдер жаман емес, жерді сатуды неге ойлап тапқандығы белгісіз. Жерді сатуды Отанынды сатқанмен пара-пар емес пе? Тіпті тек Қазақстан азаматтарына сатқаннын өзінде де ата-бабалары жерленген жерлер басқа аймақтын тұрғыны сатып алса да наразылықтар туындайды емес пе? Араб эмираттарында 1966 жылдан иықты бір заңддары бар: кез келген шет ел азаматы немесе заңды тұлғасы осы эмираттарда бизнес жасай алады, алайда оның серіктесі жергілікті араб болуға тиіс және арабтың үлесі 51 %, осыған келіспегендерге ол елде бизнес жасауға рұқсат жоқ! Олар біздер сияқты өз елінде тұрып өз ақшасына өз пайдалы қазбаларын шығаруға үлестерін миллиардтаған долларларға сатып алып жатқан жоқ және таза пайданы бақандай 50 жылға (Тенгиз-Шеврон) 20-80 пайыз қылып ұтылыс келісімндерге қол қоймаған?!? Біздер неге арабтар сияқты жасай алмаймыз? 50 жылдан кейін мұнай да бітетін шығар. Жерді жалға алып та ауыл шаруашылғын көтеруге болады емес пе? Ал шет елдіктерге 25 жылға жалға беру де тым көп. Ресейде қытайлықтар үш -бес жыл пайдаланған жерлер енді ешқандай шөп шықпайтын болған, ол интернетте дәлелдер бар. Сондықтан ен көп дегенде 5 жыл жалға беру жеткілікті, өйткені олар өздерінің ақшаларымен келсін инвесторлар ретінде. Әйтпесе жерді 25 жыл жалға алып, артынан біздің банктерден несие алуға оңтайланған секілді. Банктер 5 жылға дейінгі жалға алынған жерлерге несие бермейді, олар кем дегенде 10 жылға дейін алынғандармен жұмыс істейді. Ондай инвесторлар қажет емес елімізге. Немесе бұл 25 жыл деген сан біздің банктермен келісе, солардың ыңғайына қарай істелінген деп пайымдауға болады. Жер сатылмасын ешкімге де жеке меншікке. Шет елдіктерге жалға беру 5 жылдан аспасын. Осындай ұсыныс. Ертен болашақта ұрпаққа не деп түсіндіреміз ағайын жерлерімізді сатып жіберсек немесе құнарлығын бұзсақ?!?
«Түбінде қазақты қазақ қылатын- Адай»
Адайлар — негізі мекені Маңғыстау, Атырауда көп емес. Сондықтан митингке жалғыз Адайлар шыққан жоқ, Руға бөлінбей-ақ қойыңыз.
Қазақ халқын адам есебінде санамай тұрғо сонда
айтарға сөзім жоқ не болды жерді жалға беретіндей, ашаршылықта да ондай істемеген шығарсыздар, кризистеген осы ма? аштан өліп бара жатқан жоқсындар ғой, біз сіздерді, олай істейді деп ойламаймын………..
Әкімнің фамилиясынан қате кетіпті го Ноғаев дұрысы
жер ешқашан сатылмау керек. Ертеңгі күніміз не болмақ. Елдегі бай манаптың барлығы өз болашағын Қазақстан мен байланыстырмайды егер елде бір дүрбелең болса тайлы тұяғымен шет елге қашады қалатын тек қарапайым халық құлдыққа түсетінде халық