Басты бет Жаңалықтар Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Дархан Қалетаев © Inform.kz

«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын», — делінген жарлық мәтінінде.

Жаңа министрді таныстырған ҚР Премьері Бақытжан Сағынтаев Нұрлан Ермекбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

«Ведомствоның құрылғанынан бері бір жарым жыл ішінде оның басшылығымен министрлік жұмысы жүргізілді, барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданды, кәсіби ұжым қалыптасты», — деді Бақытжан Сағынтаев және Нұрлан Ермекбаевқа алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version