Басты бет Жаңалықтар Ертең «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы анықталады

Ертең «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы анықталады

31 наурыз күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтетін «Қазақстан аруы» байқауында бақ сынау үшін Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен жиналды. Олардың бейнетаныстырылымдары ұйымдастырушының YouTube видеохостингіндегі арнасына жүктелген.

Бұған дейін байқау үміткерлерінің ресми фотосессиялары ұйымдастырылған болатын. Аруларды фотоға әлемдік сән журналдарының мұқабасына суреттері шығып жүрген fashion саласының маманы Марета Келигова түсірді. Биыл байқауда қыздардың табиғи сұлулығына басымдылық берілді.

Естеріңізге сала кетейік, финалда Қазақстанның әр қаласынан  келген 20 жеңімпаздан басқа, инстаграм-кастингтен сұрыпталған 10 сұлу қосымша қатысады. Ақпанның басында ұйымдастырылған кастингке 17-25 жас аралығындағы кез келген ҚР азаматшасы қатысқан болатын.

Отбасылық жағдайларына байланысты байқауға «Теміртау аруы», «Қызылорда аруы» келе алмады, оқу жағдайын байланысты «Петропавл аруы» байқаудан бас тартты. Олардың орнын қаланың бірнші вице-арулары алмастырды.

22 наурыздан бастап «Қазақстан аруы — 2018» ресми сайтында байқау финалистеріне дауыс беру басталған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version