Басты бет Видео Қазақ өміріндегі қанағат

Қазақ өміріндегі қанағат

"Ұсағын шашпа", "аяғыңмен баспа" деп қара нанның да қадіріне жеткен қазақ халқы бүгінгі тәуелсіз, бейбіт те мамыражай күніне өзінің төзімділігі, табандылығы арқылы жетті десек, қателеспеген болар едік. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, азамат соғысы басталды. Оның соңынан 1921-1922 жылдардағы ашаршылық келді. Кеңестер елінен осы жылдар аралығында жалпы есепте 20 млн адам қаза тапты. Ел ішінде түрлі аурулар тарады. Нәубет жалғасы болып, көп ұзамай 1931-1933 жылдардағы ашаршылық та жетті. Бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды. Мұның соңынан екінші дүниежүзілік соғысты өткерген қазақтың әуелгі саны тек 40 жылдан кейін қалпына келді.

Қиын замандарда мойымай, бүгінгі молшылық кезеңіне қазақ өзінің қажырлығы, қанағатшылдығы арқылы қол жеткізді. Қазақтың дәстүрлі дінінде «шүкіршілік» пен «қанағат» басты орындардың біріне қойылады. Халық даналығы, нақыл, ақыл сөздерінің басым бөлігі де қанағатқа арналған. Елдің зиялы өкілдерінің де осы тақырыпта қалам тербеуі тегіннен болмаса керек.

Қазақтың дәстүрлі дінінде «қанағат — еңбекпен, маңдай терімен тапқанына разы болу, өзгенің табысына сұқтанбау» деген мағынаны білдіреді.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Қанағат етуші ең көп шүкір еткендерден саналады.» (Ибн Мажа)

«Қияметте «Шүкір етушілер келсін!» деген үндеу шығады. Олар бір байрақ астында жәннатқа кіреді. Олар тапшылық пен молшылықта, барлық жағдайда Аллаһу та’алаға шүкір етушілер.» (И.Ғазали)

Қанағат ету – қажетінен артық қалған табысын бір жерге жинамай, Ислам діні бұйырған қайырлы жерлерге беру, кедейлерге, жетімдерге, науқастарға, дінге қызмет етушілерге көмектесу деген кең мағынаға да ие. Қанағат жақсы мінездің қайнары болуымен қатар, адамға тапшылық кезінде бақытты қамтамасыз ететін берік қорған сияқты.

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version