Басты бет Жаңалықтар Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарына ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

30 наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді.

30-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғатын 15-20, екпіні 23-28 м/с жел, тұман күтіледі.

30-31 наурыз күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, 30 күндіз, 31 наурызда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 30 күндіз, 31 наурызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version