Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ақтау, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына әсер етеді.

Астана, Алматы, Аөтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Ақсай, Орал, Өскемен қалаларында метеожағдайлар керісінше жақсарып, зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады. ҚМЖ  —  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.