Басты бет Жаңалықтар ОҚО-да жоғалған оқушы қыз бен апасының денелері табылды

ОҚО-да жоғалған оқушы қыз бен апасының денелері табылды

Түлкібас ауданында жоғалып кеткен оқушы қыз бен туысының денелері табылды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары телефон арқылы хабарласқан тілшілерге мәлімдеді.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мәйіттер табылған жер қоршауға алынып, тілшілер мен басқа да адамдар жіберілмей отыр.

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, Инабат Іңкәрбек пен апасы Әшіргүл Баймұратованың денесі терең шұңқырдан табылған. Олар Қара қуыс деп аталатын құзға құлап кеткен деген алдын ала болжам бар.

Қазір сараптама тағайындалып, қайғылы жағдайдың толық себеп-салдары тексерілу үстінде. Ауыл адамдары Қара қуыс атап кеткен жар Дәубаба ауылынан шамамен 10-12 шақырым жерде. Бүлдіршін мен әпкесі қалың тұманда адасып кетуі де мүмкін дейді полицейлер.

Жоғалғандарды іздеу жұмысына 400-дей адам жұмылдырылды. Олардың арасында 250-ге жуық ұлттық гвардия сарбазы да болды.

13 пікір

    • Жап-жаңа осыны қазақстан ты да жаңалықта айтып жатты и сразу сообщения келді осы

  1. Біреу дің қызын ертіп несі бар? Анасы қан жылап отыр ғой. Адам санасының төмендігі соншама… Жандары жəннатта болсын! Күнде жаңбыр нөсерлетіп жатыр. Тауда не бар еді, сол əйелге? Жүрегім ауырды! Кішкентай қызға!

    • Иманды болсын .каигыга ортакпыз аянышти арине ….

  2. Кайгылы окига Иманы саламат болсын Ешким алдында не турганын билмейди Бул жерде шынымен солай болганына ким кепил

    • Иманды болсын!Ата анасына қиын болған екен????

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version