Өскеменде ота жасайтын робот сынақтан өтті

Өскемендегі №1 қалалық ауруханада ота жасайтын робот сынақтан өтті. 

©inform.kz

Робот 50 жастағы әйелдің өт қабын сылып алып тастау отасын жасады. Оны Италиядан арнайы шақырылған профессор Стефано Джидароның басқарды. Профессорға Нартай Тураханов пен Ринат Мұздыбаев ассистент болды. Облыс әкімі Даниал Ахметов те сырттан бақылап тұрды.

Хирургиялық ота бөлімінің меңгерушісі Сергей Белыхтың айтуынша, робот жұмысынан ақау шыққан жағдайда дәрігер отаға тікелей араласа алады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов аталмыш роботтың көмегімен күніне 2-3 ота жасалатынын айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version