Басты бет Жаңалықтар Тасмағамбетов әскерилердің дайындығын көзбен көру үшін полигонға келді

Тасмағамбетов әскерилердің дайындығын көзбен көру үшін полигонға келді

Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Сарышаған полигонында өтіп жатқан «Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қорғаныс министрі әскери қызметшілердің іс жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады.

Айта кетейік, бұл оқу-жаттығу шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдай кезіндегі апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді. Себебі, Сарышаған полигонының ауданы мен осы полигонның әкімшілік орталығы – Приозерск қаласында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған ғимараттар мен құрылыстар орналасқан. Олар жөндеуге және әрі қарай пайдалануға келмейді.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес белгіленген аумақта орналасқан бірқатар ғимарат пен құрылыс миналанды. Одан кейін мамандар құрылыстарды жарды. Ал әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеп, аумақты тазартады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version