Дубай Муниципалитетінің өкілі Фейсал Аль Бадьяви өз хабарламасында әмірліктегі қайыр тілеумен күресу науқаны аясында полиция қайыр тілейтін 59 тұлғаны ұстағанын хабарлады.
Ұсталғандардың кейбіреулерінде төлқұжаттары, іскерлік және туристік визалары болды. Науқан аясында «қайыршылардың» басым бөлігі БАӘ-ға үш айлық виза арқылы заңды түрде кірген, деді Аль Бадьяви.
Әмірлік шенеунігінің сөзіне қарағанда, Дубайда қайыр тілеушілердің бірі айына 270,000 дирхамнан астам 73500 АҚШ доллар пайда тапқан. Орташа алғанда бір тәуліктегі табысы шамамен 9000 дирхамды (2450 АҚШ долларына жуық) құрады. Негізінен мешіттердің жанында қайыр тілеген.
alla jazalarin bersin alla ayahtardin
Біздің ұй жақта да аяқ қолы сау жігіттер де арақ үшін қайыр сұрап отырады. Орнынан тұрып көше сыпырса да еңбек етуіне болады ғой. Бірақ олай етпейді. Құдайдан қорықпайды. Ал мына әйелдікі одан өткен сорақылық екен.