Басты бет Жаңалықтар Таеквондошы қазақ қызы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

Таеквондошы қазақ қызы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

Манилада (Филиппин) таеквондодан өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде қызылордалық Айнұр Есбергенова финалға шығып, бірден Олимпиада ойындарына жолдама алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. №1 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшының жаттықтырушысы — Николай Курноскин.

Енді Айнұр финалда Тайпей спортшысымен 1-орынға бағын сынайды. Айта кетейік, Айнұр — Сыр өңірінен Олимпиада ойындарына 5-ші жолдама алған спортшы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version