Басты бет Жаңалықтар Қазақстандағы жемқорлық деңгейі қандай?

Қазақстандағы жемқорлық деңгейі қандай?

«Транспаренси Интернешнл» ұйымының 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты анықтау индексіне сүйенсек, Қазақстан 180 елдің ішінде 122 орында тұр екен. 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, әлдеқайда жақсарғанын байқауға болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  басшысының орынбасары Данияр Сабырбаев баяндады.

©Алматы облысының баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлықты анықтауда 1999 жылғы көрсеткіш ең жоғарғы болып есептеледі. Бұдан басқа есептеу кезінде 9 халықаралық рейтингтік агенттіктер зерттеулерінің нәтижелері ескеріліп, оның 6-ы бойынша елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіштерінің жақсаруы байқалуда.

«Мемлекеттік қызметтердің ашықтығынын арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Бүгінгі күні біз Алматы облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтердің 342 түрі бойынша қызметіне талдау жүргіздік. Нәтижелері Этика кеңесінің отырысында талқыланды. Биыл облыстың кейбір аудандарында арнайы ХҚКО құру жоспарланып отыр», — дейді Д.Сабырбаев.

Сондай-ақ, күні кеше халықаралық деңгейдегі жағымды жаңалық жария етілді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Страгетиясы қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізін қалады.

Атап айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы сыбайлас жемқорлықты қоғамның қабылдамау ахуалын қамтамасыз ету және қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту сұрақтарын жүзеге асыру қолға алынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version