Басты бет Жаңалықтар Ауа райының салдарынан Алматының 19 көшесін су басты

Ауа райының салдарынан Алматының 19 көшесін су басты

Алматыда 22-27 ақпан аралығында қалалық ТЖД кезекші пультіне 85 хабарлама түскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.

©inform.kz

Жауын толассыз жауған 27-ақпанда тұрғындардан ТЖД кезекші пультіне 56 қоңырау түскен.

«Атап айтқанда, 37 ауланы су алып, 19 көше суда қалған. Оның ішінде 2 жер үйге су кірген. Судың жайылуына қатысты 43 оқиғаға арықтар қоқысқа толып кетуіне қатысты болса, 13 деректе су ағып кететін арықтар мүлде болмаған. Алатау ауданы бойынша — 18, Медеу ауданында — 15, Наурызбай ауданында — 14, Бостандық ауданында — 5, Алмалы ауданында — 2, Түрксіб ауданында 2 ауланы су басқан», — деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, қазір қалалық ТЖД мамандары 36 учаске бойынша тазалау жұмыстарын аяқтады. Бірқатар нысан бойынша су сору жұмыстары 28-ақпанда жалғасып жатыр.

Жайылып кеткен судың салдарын жоюға 254 адам, 45 техника, 9 мотосорғы жұмылдырған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version