Басты бет Жаңалықтар Еңбекшіқазақ ауданының өнеркәсіп саласы қалай дамып жатыр?

Еңбекшіқазақ ауданының өнеркәсіп саласы қалай дамып жатыр?

Ауданның өнеркәсіп саласы оң динамика көрсетуде. Мәселен, өткен жылы ауданның кәсіпорындары 31 миллиард 767 миллион теңгеге өнім өндірді. Бұл 2016 жылға қарағанда 1 миллиард 700 миллион теңгеге өскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбекшіқазақ ауданы әкімі Ысқақ Бинәлі баяндады.

©Алматы облысының баспасөз қызметі

«Ауданымыздың Республикаға белгілі «ФудМастер», «Адал», «Голдпродукт», «Есік жеміс консервілеу зауыты» компаниялары сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар өндірісті жаңғырту есебінен өнімдер көлемінің өсуін қамтамасыз етіп отыр», — дейді Б.Ысқақ.

Сондай-ақ, ауданда олардың қатарына өткен жылы жаңа зауыттар іске қосылды. Олар: Ақши ауылдық округінде жоңышқа өңдеу зауыты, Байтерек ауылдық округінде майлықтар мен дәретхана қағаздарын өндіру зауыты, Шелек ауылдық округінде ет өңдеу комбинаты, Масақ ауылдық округінде ірі құс фабрикасының құрылысы аяқталуда.

Аудан әкімі ағымдағы жылға өнеркәсіп саласы бойынша жоспарланған жұмыстарымен де бөлісті.

«Биылғы жылы біз сояны өңдеу зауытының құрылысын Қырбалтабай ауылдық округінде бастамақпыз. Инвестор «ЖШС Бесмит», жоба құны 700 миллион теңге. Одан бөлек Саймасай ауылдық округінде құс фабрикасын саламыз. Ол инвестор «ЖШС Ассорти ранчо», жобаның құны 300 миллион теңге», — деді ол.

Өткен жылы Масак ауылдық округінде энергияны дамыту мақсатында қуаты 4,5 МВт болатын бірінші жел электр станциясы салынып, оған 2 млрд.600 млн.теңге инвестиция тартылған екен. Түрген өзенінде 1,4 МВт қуаттылығы бар бірінші гидроэлектростанция салынды. Инвестиция көлемі 300 млн.теңгені құрады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version