Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, қар жауады

19 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, кей аймақтарда қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Ғorbes.kz

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с-ге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, желдің екіпіні 15-20 м/с-ге жетеді. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version