Басты бет Жаңалықтар Қысқы Олимпиада-2018: Шаңғышылар жүлдеге ілікпеді

Қысқы Олимпиада-2018: Шаңғышылар жүлдеге ілікпеді

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 10 шақырымдық еркін стиль жарыстары аяқталды.

Қысқы Олимпиада 2018 ©Inform.kz

Бұл жарыста ел намысын Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева бастаған үш спортшымыз қорғаған болатын. Алайда, үшеуі де жүлделі орындарға іліге алмады.

Олардың арасында ең үздік нәтижені Валерий Тюленьев көрсетті. Ол мәре сызығын 28 минут 20,7 секундта 47-ші болып кесті. Ал Анна Шевченко 28 минут 56,9 секундта 56-шы, ал Елена Коломина 29 минут 13 секундты көрсетіп, небәрі 63-ші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, жеке жарыс бойынша алтын медальді норвегиялық шаңғышы Рагнил Хага жеңіп алса, күміс жүлдені швед спортшысы Шарлотт Калл қанжығасына байлады. Норвегиялық Марит Бьерген үздік үштіктен көрінді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version