Басты бет Жаңалықтар Академик Асқар Жұмаділдаев шетелдің білім жүйесіне еліктеген министрді сынға алды

Академик Асқар Жұмаділдаев шетелдің білім жүйесіне еліктеген министрді сынға алды

Шетелдіктердің білім жүйесі, білім әдістемесі туралы пікірлеріне тым еліктеудің қажеті жоқ. Академик Асқар Жұмаділдаев осылай мәлімдеді деп хабарлайды Алматы арнасы.

Оның айтуынша, Қазақстанда білімнің көп саласы дамымаған. Оған біздің мүмкіншіліктеріміздің аздығы басты себеп. Сондықтан халыққа, экономикаға қажет білім салаларын дамыту керек, тіпті ғылымға қаржы құю механизмін өзгерту керек.

Шетелдік тәжірибені үйренер алдында көп жағдайда ұлттық ерекшелік пен еліміздің қажеттіліктері ескеріле бермейтіндігін ғалым баса айтты.

«Оны дамыту мүмкін емес. Бірақ дегенмен шетел айтты екен деп, артынан жүре бергеніміз дұрыс емес. Өйткені ең алдымен біз  қазаққа не керек, соны ұғып алуымыз қажет. Бізге қандай ғылым керек? Қандай бағыт? Қандай технология керек бізге? Сондықтан анау айтты, мынау айтты екен деуге болмайды», —  деді академик Асқар Жұмаділдаев.

Еске сала кетейік, үш тілді білім беру жүйесі туралы айтыла бастаған соң, ата-аналар қауымы бұл өзгеріске қарсылық танытқан болатын.

14 пікір

  1. Асқар аға! шет ел айтты десе бұтындағы шалбарларын, кей уақытта тіпті шортиларын ышқынан ұстап жүгіре жөнелетіндер Сізді түсіне қоймас. Шет елдің айтқанымен жүрсе ,мүмкін олардың жеке бастарына пайдалы шығар….

  2. шетелдік тәжірибені кіргіземіз деп білім саласын құртып болды. бұл қашанға дейін жалғасады екен…

    • Осындай ағаларымыз аман болсын. Жүз жасаңыз!

  3. Өз орнына бармай жүрген адам — Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ. неге Білім және Ғылым министрі болмай жүрсіз????

  4. Министрлер өзгерген сайын білім жүйесі былыққа батады. Бізге Асқар ағамыздай нағыз білімді,парасатты адам керек.

  5. Асқар аға мен түсінбеймін, халыққа ұнамайтын өзгерістерді неге енгізеді. Мысалы 3 ай оқытып деңгейлік курсты (Кембридж) мұғалімдерге 100 пайызға дейін ақы төлеп жатыр. Менің күлкім келеді, өзім оқу орынбасарымын, көріп отырмын олардың не тындырып жатқанын. Өздері түсінбейді не оқығанын, әттең мемлекеттің ақшасы зая кетіп жатыр. Солардың оқытқан топқа бөлу тәсілінде, театрланған көріністерінде оқушы математикадан сезбей шығады. Олардың мақсатында мұғалім түсіндірмейді, оқушы үйде оқып келіп бір — біріне түсіндіру керек. Бұл математикаға мүлде келмейді. Математикаға тақта мен бор болса болғаны, олардың гүлдері, алмалары, топтары, крит. бағалау т.б. артық уақытты алады.

  6. Өте дұрыс айтасыз, баланың мыйын ашытып бітті, ол тәсіл ауылға мүлде келмейді. Сен мені 3 ке бағаладың мен сені 5 ке бағаладым деп сабақтан кейін төбелес, кектесу т.б.
    Келесі сабақта жақсы айтса да кеше маған 3 бергенсің мен бүгін саған 2 қоямын….. осы сияқты топас бағалау. Плакатқа 25 минут сурет салып ал түсіндір деу масқара боп жатыр. Олар сурет салып жатқанда басқа сыныптағы ардагер ұстаз дәстүрлі сабақпен бөлуді үйретіп жатады. Салыстырсаң дәстүрлі сабақта керемет нәтиже бар, ал мына топқа бөліп тойға ұқсатып жасап қойған сыныпта түк сезбейді бала математикадан. Менімше бұл өзін өзі тану сияқты пәндерге тура келетін сияқты. Баланың мыйын дейсіз, мұғалімнің мыйын да каша жасап бітті ғой

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version