Басты бет Жаңалықтар Аяз қашан басылады?

Аяз қашан басылады?

"Қазгидромет" РМК республиканың көптеген өңірінде қалыптасқан қатты аяздың басылатынын хабарлады.

«29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін аяз Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында босаңсып, аптаның аяғында ауа температурасы -35-41 градустан -15-23 градусқа дейін, түнде -25-33 градустан -7-15°C дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда түнгі температура -21-35  градустан -5-13°C, күндіз -15 -2-ден -2 + 3°C дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аяз болатыны туралы дауылды ескерту жасаған болатын. Одан кейін қатты аяз еліміздің оңтүстік аумақтары Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін осы ауа-райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

25 пікір

  1. Дурыс айтасыз сабырлы болайык бул кунди де откиземиз бауырлар алла барин ози реттейди

  2. Сәлем қалайсың дар достар алланың берген бул табиғаты шыдау керек бəріне тамаша емес пе қызтың көркі

    • ОҚО Түлкібас ауданында жел қара суық ужас пагода. абайламасан ушасын

  3. 5 ші ЖУдан соң беліңді шеш, тоныңды таста деген атам қазақ. Жаркентке келіңдер скоро тонды да шешеміз ;ХХ

  4. Оңтүстіктің Түлкібас ауданында 20 градус аяз болып, қатты жел соғып тұр. далаға шықсаң жел ұшырады. Бір Алла өзі жар болсын. Ертререк басылса екен мына жел.

  5. Суык болса суык болды дейсыздер ыстык болса ыстык болды дейсыздер табигаттын зандылыгы ар нарсе орнымен болатын дуние

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version