Басты бет Жаңалықтар «Келін» сериалының жұлдызының өліміне қатысты жаңа деректер жария болды

«Келін» сериалының жұлдызының өліміне қатысты жаңа деректер жария болды

Үндістанның "Келін" телесериалында басты рольде ойнаған танымал актрисасы Пратюша Банерджи суицидке қаржылай проблемалар мен махаббатағы сәтсіздіктерден барған болуы мүмкін. The Indian Express және IndiaToday басылымдары Үндістанның басты "келінінің" суицид жасауының негізгі нұсқаларын атады.

Пратюша Банерджидің өлімі жайлы жаңалықты ақпарат құралдары 1 сәуірде кешкі уақытта хабарлады. 24 жастағы актриса өз үйінде асылып қалған, оны бірінші болып сүйіктісі Рахул Сингх тапқан. Жас актер оны ауруханаға жеткізген, алайда Банерджидің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Қайғылы оқиғадан кейін полицейлер тергеуді бастады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қыздың өлімінің негізгі себептерінің бірі — жеке қаржылай проблемалар. Қазіргі уақытта Пратюша Банерджидің банктегі есепшоттары тексеріліп жатыр және алдын ала мәлімет бойынша оның қарызы көп болған.

«Біз Банерджидің банктегі есепшоттарын тексеріп жатырмыз. Банерджилер әулеті қыздың ақшасы көп болмағанын айтты, себебі оның тұрақты табысы болмапты. Полиция Банерджидің қандай кредит алғанын тексереді. Рахул Сингх Банерджидің кредитін төлеп беру үшін үлкен сомада қаржы аударғанын айтты», — деп мәлімдеді Мумбай полициясының офицері.

Пратюша Банерджи

Қыздың өлімінің себебі деп жеке өміріндегі мәселелер аталып отыр. Пратюша Банерджидің достарының айтуынша, Рахул Сингхпен қарым-қатынасы нашарлап, олар айырылысу алдында болыпты. Актрисаның жақын досы Рахулдың Пратюшаны қоғамдық орындарда да ұрып-соққанын айтты.

«Рахул соңғы уақытта оның көзіне шөп салған. Қайғылы оқиғаның алдында Пратюша Рахулдың бұрынғы сүйіктісімен жанжалдасқанын айтты. Біз мұның барлығын полицияға хабарлаймыз, барлық нұсқаны тексеру керек. Ол қаржылай проблемалардан да суицид жасаған болуы мүмкін. Алайда оның бойы аласа болса, қалай асылып қалады?», — дейді қыздың жақын достары.

Айта кетейік, марқұмның жігіті Рахул Сингх оны ауруханаға жеткізгеннен кейін жоғалып кеткен. Бірақ сенбі күні полицияға өзі барып, 14 сағат бойы одан жауап алынды. Ал дүйсенбі күні ол кеуде тұсының ауырғанын айтып, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның басына қан кеткен болуы мүмкін деген болжамын да айтты.

Ал Рахул Сингхтың достары жұптың 14 сәуірде, бенгал Жаңа жылы тойланатын күні үйленуді жоспарлағанын айтып берді.

Естеріңізге сала кетсек, Үндістанның әйгілі «келіні» Ананди қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.

22 пікір

  1. Басе неге баска актриса ойнап жатыр десем. Маган бул актриса унайтын еди. Оте адеми. Ал казирги тури албастай мурны жалпак биреу. Озинин тагы куйеуи бар екен. Уялмайма оданда уйинде отырмайма балашагасына карап. Уятсыз топас.

    • Бул актриса олмей турып кинодан кетип калган!!!Жанеде куйеуи жок

  2. Ананди жақсы актрица еді, оның өлгені өкініштіақ,байқұстың жаны жаннатта болсын

    • Басқа діндегі адамға олай айтылмайды. Жатқан жері жəннатта болсын деп тек мұсылман хауымына айтылады

  3. Жаны жаннатта болсын!!!! Олай бреудин сыртынан тон пiшуге болмайды ол да, актриса бул онын жумысы. Жигитке, акшага бола жанын киганы акымактык.

  4. бул Ананди де жаман емес куйеуым болса кайтеди екен.жумысы озине берилген роль.осы казир окымаган надан адамда коп тусиниги жок.абден камалып калган бирак жазганау☺☺

    • Қатты өкінішті.Менің жылағым келеді.Бұл Ананди өті əдемі еді сұп-сүлу.Өкінішті-ақ!???????

  5. Койындаршы казак болып ундис серияларынан бас алмайсындар … Олардын максаты казактарды сериялдарымен макулык кылу емеспе

  6. Үнді халқының қайғысына ортақпын, арты қайырлы болсын! Адам болған сон қайғыға себеп көп,бірақ өзін өзі тежеген жөн. Қазақтар, сабыр түбі сары алтын, өзімізде өте азбыз- Берегите себя и своих близких!

  7. Жигити кызганып асып тастаган болар.Когамдык орында урганына караганда кызганыш бар сияктыы.Сулу кыз бир жигитин болса өлмесе керек

  8. Жаны жанатта болсын деген соз айтылмайды озге дінге. Ол ортеніп кеткен, олардын дінінде солай жасайды. Тек соңғы уақыттары, танымал, байларын жерлейтин болыпты.

  9. Ананди оте адеми кыз еди бирак олай истегени дурыс болмапты тым жас единой окиништи

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version