Басты бет Жаңалықтар Алдағы күндері бірнеше облыста -40-45 градус аяз болады — Қазгидромет

Алдағы күндері бірнеше облыста -40-45 градус аяз болады — Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжауынша, 22-26 қаңтар аралығында бірнеше аймақта ауа температурасы -40-45°С градусқа дейін төмендейді.

22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С күтіледі.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С күтіледі.

Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version