Басты бет Жаңалықтар «Бәйтерек» холдингі төрағасының орынбасары тағайындалды

«Бәйтерек» холдингі төрағасының орынбасары тағайындалды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Ғалымжан Тәжияқов «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

©inform.kz

2016 жылғы шілдеден бастап Ғалымжан Тәжияқов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры қызметін атқарып, активтерді басқару және корпоративтік қаржыландыруға жетекшілік жасады.

Ғалымжан Тәжияқовтың қаржы саласында 15 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар. Ұзақ мерзімді жобалық (инвестициялық) қаржыландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық инвестицияларды тарту бойынша жобаларды ұйымдастыру және құрылымдау саласында табысты тәжірибеге ие.

«Бәйтерек» холдингіне шақырылмас бұрын, Еуразиялық даму банкінде басқарушы директор, «Ситибанк Қазақстан» АҚ кіші вице-президенті, «HSBC Банк Қазақстан» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, «Kaspi Bank» АҚ және «ABN AMRO Қазақстан банкі» АҚ-да қаржы институттары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Ғалымжан Тәжияқов Қазақстан мен Ұлыбританияның оқу орындарын – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист- халықаралық саясат білгірі) және Дарем университетінің бизнес мектебін (MBA) үздік бітірді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version