Басты бет Жаңалықтар Елімізде жалақы мен зейнетақы қанша пайызға өспек?

Елімізде жалақы мен зейнетақы қанша пайызға өспек?

Президент үкіметке ұстаздардың еңбекақысын 50 пайызға көтеруді тапсырды. Бірақ, жоғары жалақы алу үшін мұғалімдер біліктілігін халықаралық тест арқылы дәлелдеуі тиіс.

Фото: Ашық дереккөз

Биылғы жолдауда әсіресе, әлеуметтік төлемдерге басымдық берілген. Зейнетақы, шәкіртақы мен еңбекақыны бірнеше пайызға арттыру үшін бюджеттен 4 триллионнан астам теңге қарастырылыпты.

Елімізде алғаш рет кәмелеттік жасқа толған 1-топтағы жарымжандардың ата-анасына да 28 мың теңге төленеді. Бұл — мүгедек баласын бағамын деп, өмір бойы жұмыс істеуге мүмкіндігі болмағандарға мемлекеттен қаржылай көмек. Ол үшін 3 миллиард теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, зейнетақы мен еңбекақы да өседі. Бұл жерде азаматтардың еңбек өтілі есепке алынады. Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алады.

Мұғалімдердің жалақысы да жайдан жай артпақ емес. Ұстаздар категориясын көтеру үшін халықаралық стандартқа сай тест тапсырады. Әрі ұстаздар үнемі өзін-өзі жетілдіріп, ізденісте болуы тиіс. Және жаңа әдіспен білім беруге көшкен оқытушылардың табысы 30-дан 50 пайызға көбейеді. Ол үшін бюджеттен 67 миллиард теңге қарастырылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version