Басты бет Басты Мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Осы жылдың мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Тұрғындарды 9 қалыпты демалыс күнінен (сенбі, жексенбі) бөлек, 3 мерекелік күндер күтіп тұр.

Фото: Gorlovka.today

Мерекелік күндерге Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні жатады.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, осы жылы жексенбі күніне түсіп тұрғандықтан, мерекеге орай демалыс дүйсенбі 2 мамырға ауыстырылады.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, сенбіге түсіп тұр, сондықтан келесі жұмыс күні (10 мамыр сейсенбі) демалыс болмақ.

9 мамыр — Жеңіс күні дүйсенбіге түсіп тұр, соның арқасында қазақстандықтар 7 мамырдан бастап 10 мамырды қоса алғанда үзіліссіз 4 күн бойы демалады.

7 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version