Күміс
©www.inform.kz

Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылмен салыстырғанда, экспорт 13,8% (992,6 тонна), кіріс 10,9% қысқарды.

Күмістің ірі партиясы Ұлыбританияға жіберілді. Аталған мемлекет Қазақстаннан құны 364,2 млн доллар болатын 706,1 тонна күміс сатып алды. Осылайша 2016 жылмен салыстырғанда, патшалыққа экспорт 29% төмендеді.

Бұдан өзге, Германия құны 73,7 млн доллар болатын 134,4 тонна, ал АҚШ құны 7,8 млн болатын 14,6 тонна күміс сатып алды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!