Басты бет Басты Әр отбасыдан Жаңа жылда қанша шығын шығады?

Әр отбасыдан Жаңа жылда қанша шығын шығады?

Жаңа жыл - талайдың асыға күтетін айтулы мерекесі. Дегенмен, бұл мейрамның қызығымен бірге шығынын да еселеп алып келетіні жасырын емес. Осыған қатысты жаңа жылда әр отбасыдан орта есеппен қанша шығын шығатынын есептеп көрдік.

Өткен жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар  920, 8 миллиард теңгеге сауда жасаған. Бұл туралы Ranking.kz сайтының сарапшылары жариялаған болатын. Мамандардың есептеуі бойынша, алматылықтар жаңа жыл қарсаңында 243,7 миллиард теңгеге сауда жасаса, елордалықтардың 110,5 миллиард теңгесі жұмсалған.  Ал шығыс қазақстандықтар 94,9 миллиард теңге шығын шығаруымен үшінші орын алған.

Baribar.kz сайты да шағын есептеулер жүргізіп көрді. Мерекенің басты шығындарының бірі кешкі ас мәзірі екені белгілі. Осыған байланысты, әр дастарханға қойылатын тағамдардың тізімі мен олардың нарықтағы орташа бағаларын байқадық:

мерекелік дастархан, жаңа жыл
©baribar.kz

Нәтижесінде әр отбасы мерекелік кешкі ас үшін орта есеппен 15-20 мың теңге жұмсайды деген ұйғарымға келдік. Бұдан өзге жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы шығындарды да тізіп көрдік:

©baribar.kz

Есептеу бойынша, жаңа жыл мерекесі кезінде әр отбасы орта есеппен 40-65 мың теңге шамасында шығын шығарады. Алайда бұл көрсеткіш отбасы мүшелерінің санына, мектепке баратын балалардың шығынына да тәуелді екенін айта кеткіміз келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version