Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев: Кім жақсы жұмыс істесе, сол мол жалақы алады

Нұрсұлтан Назарбаев: Кім жақсы жұмыс істесе, сол мол жалақы алады

Кім жақсы жұмыс істесе, сол мол жалақы алады. Бүгін парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Тең мүмкіншіліктер жүйесі ретінде мемлекеттік қызметтің жаңа мансап моделі бекітілді. Ең білікті әрі сауатты мамандарды мемлекеттік қызметке іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Кадрлар білімі, тәжірибесі бойынша іріктеп алынады. Мемлекеттік  аппаратта жалақыны теңестіру мұнан ары болмайды. Кім жақсы жұмыс істесе сол мол жалақы алады», — деді президент.

Осы ретте мемлекет басшысы «Б» әкімшілік корпусы үшін жалақы көлемі таяуда ғана көтерілгендігін еске салып өтті.

«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі жаңа министрлік жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметтегі жемқорлық көріністерінің алдына жаңа тосқауылдар қойылды. Қазақстанның мемлекеттік қызмет реформасы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді қайта аттестациядан өткізумен байланысты шешуші кезеңге өтті», — деді Назарбаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version