Басты бет Жаңалықтар Назым Қызайбай 5 дүркін әлем чемпионымен Олимпиада жолдамасына таласады

Назым Қызайбай 5 дүркін әлем чемпионымен Олимпиада жолдамасына таласады

Бүгін Қытайда бокстан кезекті лицензиялық турнир басталды. Аталған додаға бокстан Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.

52 келіде сынға түсетін Олжас Сәттібаевтың алғашқы қарсыласы — Азия чемпионы, қырғызстандық Азат Үсенәлиев.

56 келідегі Қайрат Ерәлиев Тайбэй спортшысы Ченг Лин-Линмен кездеседі.

64 келідегі Абылайхан Жүсіпов үндістандық Кумар Маномен жұдырықтасады.

Рейтингте жоғары орында тұрған үш боксшымыз бәсекені екінші айналымнан бастайды. Атап айтар болсақ, 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы Макото Такахаши (Жапония) – Ча-Вей Кан (Тайбэй) жұбының жеңімпазымен, 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов Хегён Янг (Оңтүстік  Корея) – Сумит Сангван (Үндістан) жұбының жеңімпазымен, аса ауыр салмақтағы Иван Дычко  Джозеф Годалл (Австралия) – Патрик Малата (Жаңа Зеландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Олимпиадалық салмақты өнер көрсететін Дариға Шәкімова (75 келі) Оңтүстік Корея спортшысымен, Назым Ищанова Тонго корольдігінің өкілімен жекпе-жекке шығады. Ал Назым Қызайбайға ең қиын қарсылас тап болды. Назым алғашқы кездесуінде-ақ 5 дүркін әлем чемпионы, үнді қызы Мэри Комға қарсы шаршы алаңға шығады.

Еске сала кетейік, Қазақстан боксшыларында әзірге 4 жолдама бар. Ал бокстағы жолдаманың барлығын иеленген жалғыз құрама — Куба.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version