Онда қаршадай қыздың бойында бұған дейін тағайындалып келген шизофрения сырқатының жеңіл түрінің белгілері болмай шықты. Және оның қоғамға ешқандай қаупі жоқ екені де анықталды.
Бұл туралы шымкенттік журналист Гүлжан Байназарова NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында баяндады.
Айта кетейік, Гүлжан Байназарова Маржан Тұрлыбаеваға қатысты мәселені алғаш рет көтеріп, одан кейін бұл жайт қоғам арасында қызу талқыға салынған еді.
«Сегіз жыл бойы есі ауысқан деп жындыханада мәжбүрлі түрде ұстаған Маржанға республикалық сот медициналық сарапшылары оң нәтиже берді. Күнгейлік дәрігерлердің қойған диагнозы жоққа шығарылып, шизофренияның жай түрі анықталмаған. Қорытынды бойынша Маржаның қоғамға қауіпті еместігі анықталды. Қайта жындыханадан шығып, көпшілікпен бірдей өмір сүруге құқылы» — деді журналист.
Журналистің айтуынша, сараптама қорытындысы 24 ақпанда шыққан. Алайда Маржан әлі күнге дейін жындыханадан шығарылмапты. Себебі, жауаптылар бір-біріне сілтеп жүргенге ұсқайды.
«Сараптама қорытындысы 24 ақпанда шықты. Содан бері барлығына хабарластым. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы ешқандай хабар келген жоқ деді. Тергеуші Түркістандағы мекемеге жібергенін айтады. Түркістанға барып, директордан сұрасам, сараптама қорытындысын алғанын растады. Бірақ, Маржан әлі шыққан жоқ. Басқарма құзырлы мекемеге сілтейді, құзырлы мекеме басқарма шығаруы керек дейді. Қысқасы, бәрі бір-біріне сілтейді», — деп атап өтті журналист.
«Содан кімге барарымды білмей әлеуметтік желідегі парақшамда елден сүйінші сұрап, жағымды жаңалықпен бөлістім» — деді ол.
«Республикалық сарапшылардың берген қорытындысына оңтүстіктің дәрігерлері мойынсұнғысы келмейді, өйткені сегіз жыл бұрынғы былықтарының ашылып қалатынынан қорқады. Бұл сүйінші хабарды экран арқылы сұрамақ болғанымызда, жауаптылар бір-біріне сілтеп, бастарын алып қашты. Ақыры айттым ғой…. сүйінші хабарды халыққа жеткізгісі келмейтіндердің қатарында ОҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мекемелердің барлығы бар… Қазақтың өрімдей қызына жаңа өмір сыйлайтыныма да сенімдімін. Ал халайық, Маржан қыздарыңыздың дені сау! Ендігі арманы жындыхана қабырғасынан босап шығып, ел қатарлы өмір сүру. Сот сараптамасындағы қорытынды жүзеге асатын күн жақын», — деп ойымен бөлісті Байназарова.
Сені жындыханаға жатқызғандарды сотқа берсейш.
Маржан жынды емес ақылы дұрыс болса енді қолында кімді қалай жазалау керектігін осыны халқына дәлелдесін.
Түсінбедім мен неге Маржан псих болу керек бұл жерде. мүмкіе анасы псих шығар. мүмкін анасыны əзіргі күйеуінің көзіне тік қарағысы келмеген соң берген шығар. Мүмкін əзіргі өгей əкесі сидырмаған соң анасы ұра беріп өгей əкесімен бірге жынды қылған шығар. Ол содан есінен сəл адасуы мүмкін өрімдей қыз. мүмкін əзір ол ауруы шынымен басылған шығар. Неге оны шығарғысы келмей отыр ол жақтағы мамандар. жоқ бір кінəлары ашылып қалады ма деп қорқады ма? осынша даудың шыққанына қарап ол жердің мамандары қызды неге тексермейді. Адамның тағдыры ойыншық емесқой сіздерге. Олда бұл өмірді көргісі келеді. падрушкаларымен ойнап күліп, еркін адам болуы керекқой. Маржанмен жасты қыздар ұжы 1-2 балалы болып жатыр. не қылып жатсыздар біреудің тағдырын құртып. Барлық мамандар шуылдап Маржанды шығарып алатын уақыт болдығой. негк сонша қатыгезсіңдер бауырлар. Ертең ол дүниеге қай бетімен барады,не сұраққа жауап береді бір үйден шықпаған қыз. апайларының укол салғандарын айтады ма?
Наурыз мерекесіне керемет жаңалық болды, мен Маржан қызымыздың ортамызға қосылғанына қуаныштымын, жұмыла көтерген жүк жеңіл деген қазағым. Осы істің басы қасында жүріп еш кедергілерге тоқтамай Маржаннын ақыл есі дұрыстығына еш күмəнсіз сеніп өз көмектерін аянбаған азаматтарға мың алғыс, əсіресе сізге Гулжана Байназарова, Жанат Бақыт, Төлеген Байғұлов осы азаматтарға ерекше алғыс. Жалғанның арты бір тұтам дейді қазағым осы бейкүнə қызды осыншама азап шектіріп немқұрайлықпен қарап жалған негіздеме кұжаттар берген азаматтар жауапқа тартылуы керек
Куним-ау,адамнын катыгездигинен бола жалган жолга тусип кетпе.Адамнын да адамы бар,онын ишинде адам кейпиндеги аюандар да бар.бул Кудайдын,омирдин бир сынауы сени.егер осыдан кеин бузылып,катыгез меиримсиз жан болып кетсен омирин жаман болуы мумкин.егер адамгершилигнен айырылмасан УЛКЕН БАХЫТКА жетесин.Менин жасым 50 ден асты.оз корген,туйгенимди,козим жеткенин саган жазып отырмын.,бахытты бол
Гулжан саган мын алгыс, бакытты бол. Маржан саган зор денсаулык, мол бакыт.Сен мыкты кызсын ешкашан мойыма.
не себептен Маржан жындыханаға жатқызылған