Басты бет Қоғам Астанада жаңадан екі көпір салынады

Астанада жаңадан екі көпір салынады

Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы екі көпір салынады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Total.kz

Астанада жаңадан екі көпір салынады: бірі Есіл өзені үстінен, екіншісі Нұра-Есіл каналы арқылы. Нұра-Есіл арнасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2017 жылдың шілдесінде басталған, 2018 жылы көпір құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Ал Есіл өзені үстінен салынатын көпір Тәуелсіздік даңғылы арқылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін сол жағалаумен жалғайтын болады. Есіл өзені арқылы салынатын көпірдің ұзындығы – 263,22 м.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік даңғылын сол жағалаумен жалғайтын көпір жобалану кезеңіңде. Екі көпір де үш жолақты болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version