Басты бет Жаңалықтар Мектеп ұстаздарына сыйлық беруге тыйым салынды

Мектеп ұстаздарына сыйлық беруге тыйым салынды

Жаңа жыл мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мектептерде оқушылардың ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынады.

©sputniknews.kz

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшылығы шығарған бұйрық мектептерге жолданып жатыр.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жанна Қабдолдақызының қатысуымен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Қазірде біздің орган облыстық білім басқармасымен бірлесіп, мектептерде ата-аналардан ақша жинауға тыйым салу мақсатында жұмыс жасауды көздеп отырмыз. Басқарма басшылығы сәйкесінше бұйрық шығарып, білім ошақтарына жолдады», – деді Жанна Қабдолдақызы.

Ал Білім басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қайырбекованың айтуынша, оқушыға сыйлық жасау үшін ата-ана ақшаны ерікті түрде тапсыра алады.

«Жаңа жыл мерекесіне орай мектептерде түрлі шараларға ата-аналардан ақша жиналуы мүмкін. Бұның өзіне тыйым салып отырмыз. Ал егер балаларға жаңа жылдық сыйлық жасау үшін ақша жиналса, ол ата-ананың өз еркінде. Ешкім талап етпеуі тиіс», – деді Әсел Қайырбекова.

Ұстазға сыйлық жасаған уақытта да сақ болған жөн. Себебі алғысын білдіремін деген ата-аналар мұғалімді қиын жағдайға қалдыруы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version